Солтүстік Кореяда себебін түсіндірместен сыра фестивалін шегерді
Солтүстік Корея үкіметі тамыз айында Пхеньянда өтуы керек болған «Тэдонган» сыра фестивалін шегерді
Мамандардың айтуынша, бұл ауа райымен байланысты болуы мүмкін. Бірнеше күн бұрын БҰҰ азық-түліктік және ауылшаруашылық ұйымы соңғы 16 жылдағы ең үлкен құрғақшылықтың салдарынан КХДР-да азық-түлік жетіспеушілігі болуы мүмкіндігін хабарлаған.
Солтүстік Кореядағы алғашқы сыра фестивалі бір жыл бұрын өткен. Мереке жергілікті «Тэдонган» маркасын дәріптеу үшін ұйымдастырылып, шетелдік туристердің қолдауына ие болды.