Linkin Park вокалисі Честер Беннингтон өз-өзіне қол салды
Американдық музыкант, Linkin Park тобының вокалисі Честер Беннингтон Калифорнияда өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды TMZ онлайн-таблоиды
Беннингтонның денесі таңғы тоғыз шамасында Лос-Анджелес төңірегіндегі Палос-Вердестегі өз үйінен табылған.
Аталғандай, былтырғы жылы музыкант ішімдік пен нашақорлыққа салынып жүрген. Сол сияқты сұхбаттарында да суицид тақырыбын бірнеше рет көтерген болатын. Оның айтуынша, мұндай ой Беннинтонның балалық шағында жасалған сексуалды зорлыққа байланысты жиі келеді.
Сонымен қатар Честер соңғы кездері өз-өзіне қол салған Soundgarden тобының жетекшісі Крис Корнеллмен дос болған. Аталғандай, Корнелл бұл күні 53 жасқа толар еді.
Екі рет үйленген Честер Беннингтон 41 жаста еді. Оның алты баласы қалды.