Алматыда «Түкіруге тыйым салынған» деген жазуы бар белгілер пайда болды
Алматыда тұрғындарды қала көшелерінде жүргенде түкіруге болмайтындығын ескертетін ерекше белгілер пайда болды
Тақтайшалардағы ескертулер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған. Қалалық ІІД өкілдерінің айтуынша, бұл қалалық биліктің талабы емес, әзірге бұл белгілер жекеменшік аймақта ғана тұр. Дегенмен алматылықтарға бұл бастама ұнаған сияқты.
- Бұл белгі қызықты екен, мен бұндайды бұрын-соңды көрмегенмін. Не дегенмен адам санасына қандай да болмасын белгілер әсер етеді ғой. Қала көшелеріне орнатса да болады деп ойлаймын, - дейді қала тұрғыны.
Қала көшелерінде түкіргені үшін азаматтарға 5 мың теңге көлемінде айыппұл қарастырылған. Бұл шамамен 40 доллар.
Следующая →