Францияда тым арық сәнбикелерге тыйым салынды
Францияда сәнді көрсетілімдер және жарнамалық түсірілімдерге тым арық сәнбикелерді пайдалануға тыйым салатын заң күшіне енді
Денсаулық сақтау министрі Франция Марисоль Турэннің айтуынша, бұл шара сәнбикелердің өздерінің, сондай-ақ, басқа да азматтардың, ең алдымен жас әйелдердің денсаулықтарына деген қамқорлық.
М. Турэннің айтуынша, сұлулықтың жасанды және реалистік емес стандарттары олқылық кешенін дамытады. Ал ол өз кезегінде созылмалы үнемі асқа жарымауға әкеледі.
Франция парламенті 2 жыл бұрын мақұлдаған жаңа ережелерге сәйкес, жұмысқа орналаспастан бұрын сәнбике өзінің денсаулығы жағдайы туралы дәрігерден анықтама алуы тиіс, оның ішінде оның дене салмағының индексі нормаға сәйкес екендігін растайтындығы туралы анықтама (салмағы мен бойының қатынасы). Жұмыс берушілер аталған ережелерді сақтамаған жағдайда 75 мың еуро айыппұл төлейді немесе бас бостандығынан 6 айға дейін айырылады.
Следующая →