Өскемен
пасмурно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -12°
  • Ақтөбе
    -6°
  • Актау
    +5°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -13°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -11°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -4°
  • Шымкент
    +8°
$
494.95
+2.30
525.49
-0.22
¥
68.4
-0.07
5.05
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

Ресейде 14 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіге кіруге тыйым салынбақ

Ленинград облыстық заңнамалық жиналысы әлеуметтік желі әрекеттерін құқықтық реттеу туралы заң жобасын Мемлекеттік дума қарауына енгізбек

Ленинград облысының заңнамалық жиналысы 14 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салатын «Әлеуметтік желілердің құқықтық әрекеті» атты заң жобасын Мемлекеттік думаға енгізеді. Құжат мәтіні бойынша, пайдаланушыларға тіркелу үшін төлқұжаттық деректерді ұсыну керек болады, ал 14 жасқа толмаған балаларға мүлдем жабық.

Сонымен қатар парламентарий айыппұл жүйелерін де құрған. Мысалы, сайт иесі тіркеу режимін бұзған жағдайда 100 мыңнан 300 мың рубльге дейін айыппұл қаралған. Егер қолданушы деректердің өзгергені туралы хабарламаса, я болмаса шынайы ақпараттарды қасақана көрсетпесе, 1 мыңнан 3 мың рубльге дейін айыппұл төлейтін болады.

Сонымен қатар 18 жасқа толмаған қолданушыларға балаларға тыйым салынған ақпараттар бар қоғамға тіркелуге болмайды. Бұл жағдайда ата-аналарына екі мың рубльға дейін айыппұл төлеуге тура келеді.

Балаларға ғаламтор көздеріне кіруге тыйым салатын құжат Мемлекеттік дума қаралуына бүгін беріледі деген болжам бар.

Следующая →