Samsung жұмысшылары зауытта төбелес шығарды
Жүздеген жұмысшымен орын алған жаппай төбелес вьетнамдық Samsung Display зауытында сейсенбі күні орын алды
Төбелес Бакнинь провинциясында орналасқан Samsung Display заутында шықты. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, төбелес жұмысшылардың бірі мен зауыт күзетшілерінің арасында шыққан. Қайшылық жүздеген адамның жаппай төбелесіне ұласқан.
Куәгерлердің бірі айтқандай, күзетшілер жұмысшыны өз орындарына кіргізіп алып соққыға жыққан. Бұл өзге жұмысшыларды ашуландырып, күзетшілерге шабуылға шығуға итермелеген.
Қайшылық себептері анықталуда. Полиция келген соң заут қызметкерлері мекемеден шығарылған. Жаңа қайшылықтардың алдын алу үшін зауыт төңірегін ондаған полиция бақылауда.
Следующая →