Меланья Трамп Daily Mail-ды тағы да сотқа берді
АҚШ-тың бірінші ханымы Меланья Трамп Daily Mail британдық газетіне жаңа шағым түсірді. Ол басылымды ол туралы даттайтын жалған ақпарат таратқандығы үшін айыптады
Шағым Нью-Йорк сотына жіберілді. Меланья кемінде $150 млн көлемінде өтемақы талап етуде.
Бұған дейін Мэриленде сот бірінші ханымның жала жапты деген арызын кері қайтарған. Оған арыз беру формасындағы қателіктер себеп болған.
Газет Меланьяның Трамппен кездеспей тұрып жезөкшелікпен айналысқанын жазған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Трамп ханым бұған дейін тележүргізуші Рози О'Доннеллді ұлын аутизммен ауырады деп айтқаны үшін сотқа беретіндігін мәлімдеген. Белгілі болғандай таңдаулы президенттің әйелі елдегі үздік қорғаушыны жалдаған.