Apple марихуанаға вейп ойлап таппақ
Американдық Apple корпорациясы өз құрылғыларының қатарына электронды бу генераторын қоспақ
Ғаламторда патенттелген құрылғының кескіні пайда болған. Құрылғының түрі сигараға ұқсас болмақ. Осылайша шегетін бұйым девайс салқындаған кезде буланбайтын болады.
Мұнымен қоса вейпке арналған қоспа ретінде тек сұйық емес, қатты заттарды да пайдалануға болатын болды. Патент Калифорнияда тіркелді, ол жақта марихуананы пайдалану әлдеқашан заңдастырылып қойған. Сондықтан журналистер жаңа девайсты «шөпке» арналған деп есептеуде.
Жаңа бу генераторы өзінің арнайы ерекшелігі мен Apple сауда маркасының арқасында ғана 4 жыл ішінде 30 млрд доллар қаржы табуы мүмкін. «алма» компаниясының жаңа вейпын жүзеге асыруды бірлескен Cupertino компаниясы қолға алды.