Apple-ді бес жасар баланың өліміне айыптады
Техас штатының тұғындары Apple компаниясын 5 жасар қыздарының өліміне кіналап, оларды сотқа берді
Қыз бала 2014 жылдың желтоқсанында жол апатынан қайтыс болды. Ол ата-анасымен отырған көліктің артына басқа көлік келіп соқтығысады. Нәтижесінде қыз бала қайтыс болады.
Қозғалыс кезінде соқтығысқан көлік иесі Apple компания құрастырған FaceTime байланыс қосымшасында отырғаны белгілі болды. Сотқа арызданушылар, компанияны FaceTime қосымшасын көлікте қатты жылдамдықпан келе жатқан кезде бұғаттау керектігін алға тартып отыр.
Іске қатысты келесі сот отырысы 2017 жылдың ақпанында өтеді.