Facebook өз желісіндегі жаңалықтарға цензура енгізеді
Facebook әлеуметтік желісі пайдаланушылардың жаңалықтар лентасындағы хаттамаларды тексеруге өзіндік бағдарламалық жасақтама шығарды
Жаңалықтарды цензуралау Facebook-ті Қытай нарығына қайтару үшін қажет.
Қытайда Facebook-ке жеті жыл бойы тыйым салынғаннан кейін, әлеуметтік желі мемлекет үмітін ақтауға дайын. Американдық компанияның алдыңғы қатардағы мамандары жаңалықтарды цензурадан өткізетін арнайы бағдарлама ойлап тапты. Бағдарламаның мәнісі, Қытай билігімен тыйым салынған Facebook-тегі барлық контентті алып тастау. Бірақ әлеуметтік желі қызметкерлері бұл қосымшаны пайдалануға ниет білдірген жоқ.
Ресми емес ақпараттарға сүйенсек, мұндай бағдарламамен қытай үкіметі бақылау жүргізетін болады. Бұл ақпараттың нақтылығына ешкім сенімді емес, бірақ қыркүйек айында ғана Жэнь Сяньлян Қытайдың өз шекарасында Facebook-ті қайта қоуға дайын екенін айтқан болатын.
Атап өту керек, Қытай Халық Республикасы, ғаламтор пайдаланушылары ең көп топтасқан ел. Қазіргі уақытта елдің 710 миллион тұрғыны әлемдік ғаламтор желісіне қосыла алады. Сондықтан Марк Цукенберг Facebook-тің Қытай шекарасында қосылуына бар күшін сарп етіп жүр.
Қазіргі уақытта Қытайда атақты Google іздеу жүйесі мен Twitter әлеуметтік желісі серверлері жабық.