Алматыда «28 панфиловшы» фильмінің тұсаукесері өтті
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігі қатысуымен «28 панфиловшы» тәуелсіз студиясы (Санкт-Петербург, Ресей) түсірген «28 панфиловшы» көркем фильмінің тұсаукесері өтті
Даңқты ерлік туралы фильмді қазан айында Астанада өткен екі мемлекеттің аймақаралық ынтымақтастық форумында Қазақстан және Ресей Президенттері – Нұрсұлтан Назарбаев және Владимир Путин қараған болатын. Мемлекеттердің басшылары Алма-Ата қаласында құрылған және қарсыластардың танктеріне Мәскеуге кіруге жол бермеген дивизияның ерлігі өскелең ұрпақтардың есінде мәңгілікке сақталуы міндетті деген пікір білдірді.
«28 панфиловшы» – 1941жылдың қарашасында Волоколамск тас жолында неміс әскеріне төтеп берген панфилов дивизиясының атқыштар ротасы жауынгерлерінің жасаған ерлігі бейнеленген көркем фильм. Фильм Советтік әскери кинопевестердің эститикасын ұстана отырып түсірілген. Бұл туынды рухы биік қарапайым әскерге арналған ескерткіш. Фильмнің көркемдік формасы В.Высоцкийдің әндерімен әуендес, С.Гудзенконың өлеңдеріне жақын, сондай-ақ П.Кривоноговтың суреттері мен Е.Вучетичтің статуяларына ұқсас келеді.
Фильмдегі оқиға 1941 жылдың күзінде болған. Жазбаша дерек бойынша 1941 жылдың 16 қарашасында генерал И.В.Панфилов қолбасшылық еткен 316-шы атқыштар дивизиясының 28 сарбазы Дубосеково разъезін қорғап, Мәскеуге бет алған немістің танк батальонын тоқтатады. Сюжет толығымен кеңес сарбаздарының ерлігіне арналған.
28 панфиловшының аңызға айналған даңқты ерлігі – барлығымызға ортақ тарих қана емес, сонымен қатар ортақ ұлттық мақтанышымыз. Тіпті, қанымызға сіңіп кеткен ұлттық код десем артық айтпаған болар едім, — деді фильмнің режиссері Андрей Шальопа.
Айта кетейік, генерал Панфиловтың 316-шы атқыштар дивизиясының 28 жауынгері туралы түсірілген фильмнің негізгі сомасын краудфандинг арқылы жинаған. Қаржыны жинауға 35 мыңнан астам адам қатысып 34,7 миллион рубль жиналған. Сондықтан да фильм «халықтық кино» аталып отыр. Сондай-ақ фильм бюджетінің үштен бірін Қазақстан және Ресей мәдениет министрліктері бөлген. Фильмге жұмсалған қаражат 150 миллион рубльді құрайды.