Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Алдаспан

ALTEL абоненттері үшін жағымды жаңалық

ALTEL мобильдік операторы шектеусіз 4G интернет-трафигімен қамтылған пакеттік тарифтік жоспарын іске қосты

Енді шектеусіз 4G пакеттері Tele2 операторында да бар. Өйткені ағымдағы жылдың наурыз айында ALTEL мен Tele2 операторлары бизнестерін біріктірген болатын. Алайда, шектеусіз трафик акция аясында ұсынылып отырғандықтан, ол ALTEL-дің «NonStop», «Форсаж» және «Турбо Форсаж» секілді тарифтік жоспарларында, Tele2-нің «Большой» және «Крутой» атты жаңартылған тарифтік жоспарларында қамтамасыз етілген. - Науқандық тарифтік жоспары қазан айының 4-і мен желтоқсан айының 31-іне дейін қолжетімді, - дейді «Алтел» ЖШС операторы Арайлым. – Роутер үшін тарифтік жоспардың абоненттік төлемі айына 4500 теңге. Ал тарифтік жоспарды бірінші рет ауыстыру - тегін, келесі ауыстырулардың құны – 99 теңге. Сонымен қатар, ALTEL және Tele2 бірлескен кәсіпорнының басқарма төрағасы Роман Володин нарықтың жай-күйін, желідегі тұтыну көлеміне деген реакцияны мұқият қадағалап отыратындықтарын, қажет болған жағдайда шектеусіз тарифтердің әрекет ету мерзімін ұлғайтуға дайын екендіктерін де мәлімдеді. Айта кетейік, соңғы бірнеше ай бойы ALTEL және Tele2 бірлескен кәсіпорнының техникалық дирекциясы 4G байланысының жылдамдығын ұлғайту бойынша ауқымды жұмыстарды жүргізген. Сол жұмыстың нәтижесінде ALTEL және Tele2 Қазақстанда мобильдік интернет жылдамдығы жағынан көшбасшы болып танылды. Мәселен, 2016 жылдың қыркүйегінде ALTEL-дің жүктеу кезіндегі ең жоғарғы жылдамдығы 122.97Мбит/с, ал Tele2 мобильдік операторында 103.38 Мбит/с құрады. Назерке Нұрболатқызы
Следующая →