Қытайда алғашқы 10 кеденші роботтар қызметке шықты
Қытайда алғашқы 10 кеденші роботтар қызметке шықты. Олар Гонгбэй, Хенгквин мен Чонгшан порттарының кедендерінде қызмет көрсетеді, деп мәлімдейді қытайлық ақпарат агенттігі
Xiao Hai деп аталатын алғашқы кеденші роботтар өз қызметтерін көрсетуді Гонгбэй, Хенгквин мен Чонгшан порттарында бастап кетті. Олар әлемнің 28 тілінде жауап бере алады. Әзірге олар тек оңай сұрақтарға ғана жауап бере алады. Бірақ, әлі де оқытылып жатыр. сонымен қатар, жедел қабылдау инновациялық технологиясы бет-бейнені де тануға, тіпті, күдіктілерді анықтауға да мүмкіндік береді.
Следующая →