Ғалымдар: Тәтті газды сусыннан бас тарту – өміріңізді құтқарады
Луизиана ғалымдары эксперимент нәтижесінде тәтті газды сусынды ішу неге соқтыратынын анықтады. Аталмыш эксперт бір жарым жылға созылып, оған гипертония дертіне шалдыққан 800 адам қатысты
Әр қатысушының жасы 25 пен 75 аралығында. Мамандар еріктілердің өмір салтын жіті қадағалап, олардың күнделікті әдетттері мен рационын бақылады. Сараптама шарты бойынша бастапқы кезеңде адамдар күн сайын бір стақан газды сусын ішіп, кейін дозасын екі есеге азайта беруі керек.
Анықталғандай газды сусынды күнделікті қолданғандарда инсультқа шалдығу қаупі 8%-ды құрайды. Сонымен қатар, мамандар газды тәтті сусыннан эмаль бұзылатындықтан тіс те зардап шегетінін, ал фосфор қышқылы бүйректе тас түзетіндігін айтты.
Алайда, бұл сусынды күн тәртібінен мүлде алып тастаса, әсерін керісінше болмақ. Яғни, артериялық қысым уақыт өте келе төмендеп, жүрек-қантамыр ауруларының қаупі де төмендейді. Артық салмақтан да арыласыз.