Ғалымдар Ескі Інжілдің көне бұрама қағазының шифрін оқи алды
АҚШ пен Израиль ғалымдары 3D-модельдеу сканерінің көмегімен 1500 жылдық Ескі Інжіл бұрама қағазын оқи алды
Бұрама қағаз 1970 жылы израильдің Эйн-Геди ұлттық саябағынан табылған. Бұрама қағаз б.з. III-IV ғғ. жазылған. Құжаттың VI ғасырда орын алған өрттен зардап шеккеніне қарай, оның мәтіні ұзақ уақыт белгісіз болып қала берді: бетті аударуға да келмеді, кез-келген денемен қатынас құжатты бүлдірер еді.
Алайда, микрокомпьютерлік томография әдісінің шығуымен жасанды заттың адам қолы жетпеген ішкі құрылымын зерттеу мүмкін болды. Эйн-Гедиден табылған қолжазбаны зерттей отырып, мәтіннің көп бөлігі оқуға жарамды болып шыққаны ғалымдардың таң қалдырды. Бұрама қағазда Левит Кітабының 35 қатары жазылғаны анықталған, ал жазу тәсілі масоре – Ескі Інжіл канондалған мәтінін сақтау ережелер жинағы.
Морт болып келген өзге мәтіндерді жаңа тәсілдермен зерттеуге ғалымдар үлкен үміт артып отыр. Өлі теңіз бұрама қағаздарының жағдайы олардың шифрлерін оқуға кедергі болып келген.