Анджелина Джоли Брэд Питпен ажырасады
Голливудтың ең әдемі жұбы ақыры айырылысатын болды. Актриса Анджелина Джоли мен Брэд Питт ажырасу рәсімін бастап кетті
Жұлдызды жұптар бұл жолы қатты ұрысқандары соншалық, енді олардың некесін сақтап қалу мүмкін емес сияқты. Тіпті, алты бала тәрбиелеп отырған олар некелерінің екінші мерейтойын атап өтпеді.
Брэдті біреулерХорватиядан көрген. Тіпті, оның сол елге көшпек болып, Адриаттық жағажайдан үй іздеп жүргендігі туралы да сыбыстар тарап үлгерген.
Жұлдызды жұптың жанкүйерлері Анджелина мен Питт әлі достасып кетер деген үмітте. Өйткені олар бұған дейін де бірнеше рет ажырап, қайта қосылған.