Оқымыстылар кеуде обырынан сақтайтын өнімді атады
Анықталғандай, әйел адамдардың көбінде қорқыныш туғызатын кеуде обырынан сақтайтын өнім бар көрінеді
Канададағы Лоусон Хелс институты мамандары жүргізген сараптама нәтижесі көрсеткендей, прибиотиктері бар сүт тағамдарындағы бактериялар обырдың алдын алуға көмектеседі.
Ғалымдардың зерттеуінше адам ағзасындағы Escherichia coli, Staphylococcus epidermidis таяқшалары онкологиялық аурулар туғызады. DNA India-ның мәлімдеуінше, бұл бактериялар адамның дене тініндегі ДНҚ-ны құртып, обырға шалдықтырады.
Канадалық сараптамаға қатерсіз ісікке шалдыққан 13 әйел және қатерлі ісікке шалдыққан 45 әйел қатысқан. Бақылау тобында 23 дені сау әйел болған. Тін үлгілеріне жасалған сараптама нәтижесі қауіпті бактериялар рационға прибиотиктер қосқанда кеми түседі.