Ғалымдар жаһандық аштық қашан орнайтынын айтты
Жаһандық жылыну әлемдік ауылшаруашылық мәдениетінің көзі болып табылатын жүгері өнімінің күрт төмендеуін тудырды
Британдық климатологтар жаһандық жылыну салдарынан 10 жылдан кейін жер бетінде жейтін ештеңе қалмайтындығын мәлімдеді. Оның үстіне Африкада азық-түлік дағдарысы одан ертерек – 4 жылдан кейін болады, деп хабарлады Nature Climate Change.
Мамандардың негізге жүгері өсімдігін алуына оның ауылшаруашылық өнімдерінің арасындағы ең маңыздысы және Африка елдеріндегі көп таралған дақыл екендігінде.
Ғалымдар климаттық модель жасап, сол жағдайда дақыл қалай өсетіндігін бақылады. Алынған қорытынды негізінде алдағы жылдары Африка мен Жер бетінде жүгері тапшы болу қаупі бар.
Одан өзге, тағы бір мәселе тудырып отырғандығы – жаңа дақыл түрлерін өндіру көп уақытты талап етеді. Жүгерінің жаңа сұрпы 20-30 жылда іске асады, ал жаһандық жылыну одан ертерек орын алуы мүмкін.