Kiss тобының экс гитаристі ауруханаға жеткізілді
64 жасар Эйс Фрейли бірнеше өткізген соло концерттерінен кейін қалжырап Уилкс-Барре қаласының ауруханасына жеткізілді
Kiss тобының экс гитаристі шаршап ауруханадан бір-ақ шықты. 64 жасар Эйс Фрейли Пенсильвания штатындағы Уилкс-Барре қаласындағы ауруханаға бірнеше соло концерттерінен кейін түскен.
Фрейли ауруханадан шығарған соң Калифорниядағы үйіне бармақшы. Онда ол толық жазылуы қажет. Оның соло турнесі қыркүйек айына шегерілді.
Естеріңізге сала кетейік, Фрейли 1973 жылдан бастап 1982 жылға дейін Kiss тобында өнер көрсеткен. Содан кейін жеке шығып 1996-2002 жылдар аралығында қайтадан Kiss құрамында болды.