Американдық астрофизиктер ақыр заман осы айда орнайды деп болжайды
Ақыр заман осы айда орнайды. Америкалық астрофизиктердің айтуынша жақында табылған тоғызыншы планета жақын уақытта жер жүзін жояды
Фото:
kp.ru
Құпия ғарыштық дене тіпті телескоп арқылы да көрінбейді. Алайда ол жерден бірнеше есе үлкен, деп хабарлайды «КТК телеарнасының сайты».
Ғалымдардың теориясына сүйенсек, Х Планетасы Күннің айналасында 20 мың жылда бір айналады да орбитадағы кометаларды ығыстырып, апат тудырады.
Палеонтологиялық жылнамаларға сүйенсек, 27 миллион жылда бір рет Жер беті жоғалады екен. Ғалымдардың айтуынша бұл жағдайға осы Х Планетасы себеп болған. Ол жерге соқтығысып, бар түрлікті жойған. Бұл апокалипсистің қайталануы сәуір айына келген.
Басқалардың ойынша бұның барлығы құр далбаса.