«Гарри Потер» романын жазған Роулингтің орындығы 394 мың долларға сатылды
Британдық жазушы Джоан Роулинг «Гарри Потер» романының алғашқы екі томын жазған орындық Нью-Йорктегі Heritage аукционында 394 мың долларға сатылған
Фото:
ryb.ru
Сатып алушы өзінің есімін атаудан бас тартқан.
Орындық 1930 жылдары жасалған, жазушыға тегін келген орындық Эдинбургтағы муниципалды пәтерде тұрған. Онда «Мен Гарри Потер романын жаздым» жеп жазылған. Орындықтың артқы жағында Роулингтің автографы қойылған.
Дж. Роулингтің айтуынша, пәтердегі барлық орындықтардан қарағанда ағаш орындық өзіне қатты ұнаған.
Жазушы 2002 жылы орындықты қайырымдылық ұйымының төрағасына сыйға тартқан. Ал 2009 жылы жиһазды 29 мың долларға белгісіз бір коллекционер сатып алған.