Анжелина Джоли анорексия ауруына шалдықты
Голливуд жұлдызы Анжелина Джоли денсаулығына байланысты ауруханаға жатқызылды. Диагноз көрсеткіші – анорексия
Қазір оның бойының ұзындығы 169 сантиметр, ал салмағы 35 килограмм, - деп хабарлайды «МИР 24» телеканалы.
Бір кездері өзінің сұлулығымен әлемді тәнті еткен жұлдыз, бүгінде жүзі сұрғылт тартып, өңі қуарған. Журналистер голливуд жұлдызының жартылай есті екенін хабарлайды. Белгілі болғандай Джоли тек су ғана ішіп, бірден отыратын орын іздейтін көрінеді.
Табынушыларының айтуынша көп уайымдағанның салдарынан осындай жағдайға тап болған. 2007 жылы анасы қайтыс болғаннан кейін Анжелинаның жағдайы нашарлай бастаған. Осындай қайғыны көтере отырып ол бірнеше мәрте ота жасатты. Оның денсаулығына дәрігерлер мен күйеуі Бред Пит қатты алаңдайды.