Британияда INDEPENDENT газетінің соңғы қағаз нұсқасы жарық көрді
Танымал Британдық independent газетінің 26 наурызда соңғы қағаз нұсқасы жарық көрді, - деп хабарлайды британдық Би-би-си телерадиокорпорациясы
Фото:
mygazeta.com
Газет шығарушылардың шешімі бойынша енді бұл газеттің тек қана онлайн нұсқасы жұмысын жалғастырады.
Independent газеті 1986 жылдан бастап жарық көрген. 1990 жылы тиражы 400 мың данаға жеткен еді.
Газет 90 жылдардың басында қаржылық қиындықтарға тап болып, тираж саны төмендеді. 2010 жылы ресейлік кәсіпкер Александр Лебедев газетті сатып алған болатын.
Газеттің күн сайынғы тиражы 2015 жылы 58 мың данадан төмендеп кетті.
Газет шығарушылары independent-тің онлайн нұсқасының оқырмандары бұрынғыдан да көп болады деген сенімде.
Тақырыптар:
Последний бумажный номер Independent