Үйленген жандар некеге тұрмағандардан әлдеқайда бақыттырақ болып шықты
Ұлыбританияның Ұлттық статистика қызметінің мәліметі бойынша ресми және азаматтық некеге тұрған жұптар тұрмыс құрмағандардан әлдеқайда бақытты
Фото:
jx.cnr.cn
Үйленген жұптардың өмірге деген ризашылықтары үйленбегендермен салыстырғанда «өте жоғары» болып шықты, - деп хабарлайды ONS.
"Индепенденттің" 2011 жылдан бастап 2014 жылға дейінгі жүргізген зерттеуінің нәтижесі бойынша ресми немесе азаматтық некеге тұрғандардың 34,7% өмірге деген ризашылығын 10 балдық көрсеткіштен 9 не 10 деп бағалаған.
Ал бойдақтардың ішінде өмірлік қанағатын жоғары бағалағандар үлесі 28,9%.
Сонымен қатар, ажырасқандар мен сүйгенімен айырылысқандар арасында өмірге деген ризашылығын «өте жоғары» деп көрсеткендер 19,5%-ды ғана құрайды.