Италиялық шаруаларға цитрусты жемістен пайда болмай тұр
Италияда соңғы 15 жылдың ішінде 60 гектар жер өнім алуға жарамсыз болып қалған
Фото:
prostoest.ru
Италияда соңғы 15 жылдың ішінде 60 гектар жер өнім алуға жарамсыз болып қалған. Апельсин ағаштары да аяусыз кесіліп жатыр. Сондай-ақ лимон өндірісі де екі есе кеміді, деп хабарлайды «24.kz телеарнасының сайты».
Следующая →
Басты себеп жеміске сұраныстың жоқтығы болып отыр. Бүгінде цитрус өсірумен айналысатын шаруалар әр келіден тек 8-10 цент қана пайда көреді. Бұл негізгі шығындардың өзін жабуға да жетпейді. Оған қоса италиялықтардың соңғы жылдары цитрусқа деген қызығушылығы да төмендеп кеткен. Ал қарапайым шаруалар өз өндірістерін жауып, еңбеккерлерін жұмыссыз қалдыруға мәжбүр. Тығырықтан шығу үшін тұтынушыларға тауарды енді өндірушілердің өздері тікелей тасымалдауға көшкен.
Нино Куаранта, фермер:
- Апельсиннің нарықтағы бағасын ескере отырып, өндіруші 40%-ға дейін пайда көре алатындығын есептедік. Тасымалдаушы ірі компанияларға тиынға сатқанша, бұл бізге тиімді болады.