Ұлыбританиядағы пошта қызметкерлері ереуілге шықпақ
Ұлыбританиядағы Royal Mail пошталық қызметі еңбек шарттарын жақсарту үшін ереуілге шықпақ
Ереуілдерді қараша айынан бастап Рождествоға дейін өткізуді көздеп отыр, деп жазады МИР24 сайты.
Ереуіл өткізуді қолдап кәсіподаққа мүше пошта қызметкерлерінің 97%-ы дауыс берді. Кәсіподақ жалпы 110 мың адамның басын қосқан.
Басшылық өткен жылы берген уәдесінде тұрмағандықтан кәсіподақ осындай қадамға барғайы отыр. Өткен жылы да ереуілді тоқтатуц үшін басшылық жұмыскерлердің еңбекақысын көтеріп,жұмыс аптасын қысқартып, зейнетке шығу шарттарын өзгертуге уәде берген.
Ал Royal Mail бір жылда өз қызметкерлерінің жалақысын екі рет көтергенін айтып ресми мәлімдеме жасады. Ал жұмыс аптасы бір сағатқа қысқартылған. Компания басшылығы жақын уақытта жұмыскерлермен келіссөздер жүргізбек.