Швейцарияда Дүниежүзілік экономикалық форум өтуде
Швейцарияның Давос қаласында жыл сайын экономикалық форум өтеді, оған әлемдік бизнес өкілдері жиналады
Форумға үш мыңдай адам қатысады. Форумның биылғы тақырыбы – төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі жаһандану мәселесі.
Биылғы форумның ерекшелігі де әлемдік саясат өкілдерінің жиынға қатыспайтындығы. АҚШ президенті Дональд Трамп елде дағдарыс орнауы мен бюджеттің бекітілмеуіне байланысты форумға келе алмай қалды.
Сол сынды Франция басшысы Э.Макрон да "сары күртеше кигендер" қоғамдық қозғалысының өршуіне байланысты форумға қатысудан бас тартты.
Ал ағылшын басшысы Тереза Мэй Еуропа Одағына қарсылық танытқандықтан, ол да форумға келуден бас тартты.