Аргентина Ресейдің көмегімен атом электр станциясын салуды жоспарлап отыр
Ресей мен Аргентина арасындағы алдағы G20 саммитінде ядролық салада стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол жеткізіледі
Ресейлік дизайн бойынша АЭС құрылысы Ресей мен Аргентинаның бірлескен жобасы болмақ.
Бұл Буэнос-Айрестегі G-20 саммитінде талқыланатын атом энергетикасы саласындағы екі елдің ынтымақтастығының бір бөлігі болады.
- Біз осындай стансаны салып, оған қызмет көрсетіп, аргентиналық серіктестерге тбелгілі бір бағамен сата аламыз, - деді Ресей елшілігі.
Бұған қоса, Аргентинадағы дайын жүзбелі электр станциясын салу немесе сату бойынша мемлекеттер арасында келіссөздер жүргізілуде. G20 саммиті Аргентина астанасы Буэнос-Айресте 2018 жылдың 30 қарашасынан 1 желтоқсанына дейін өтеді.