Қытай үкіметі бензин бағасын арзандатты
Қытай билігі төрт жылдың ішінде жанар-жағармай бағасын осымен екінші рет арзандатып отыр
ҚХР Даму және реформа істері жөніндегі мемлекеттік комитеті бір тонна бензиннің бағасын 510 юаньге (($73,5), дизель отынын – 490 юаньға арзандатты.
Егер әлемде бір тонна мұнай өнімдерінің бағасы 50 юань қымбаттаған кезде, Қытай билігі автомобиль отынын реттеуге кіріседі.
Осылайша Қытай билігі PetroChina, Sinopec мен CNOOC сынды ірі компанияларға мұнай өнімдерін уақтылы тасымалдауға әрі мемлекеттік баға саясатын қатаң сақтауға шақырып отыр.