Ресейде азаматтар үшін несиелік рейтинг енгізілмек
Ресейліктер үшін келесі жылдан бастап дербес несиелік рейтинг беріліп, ол адамның несиелік тарихын көрсетіп отырады
2019 жылдан бастап Ресейде несиелік тарих бойынша заңға өзгерістер енгізіледі.
Несиелік рейтинг әр азаматтың несие төлеу алу қабілетін көрсететін болады. Ол азаматтарды несиелік өтемді төлеу кезіндегі кешіктірілімдері, несие алуға қанша рет өтініш білдіргені сынды несиелік тарихты автоматты түрде есептеп отырады.
- Рейтинг жоғары болса, тәуекел де жоғары. Бұл қарыз беруші несие алушыға несие берер алдында пайдаланатын скорингке ұқсайды, - деп атап өтті Біріккен несиелік бюро.