Түркияда ұлттық валюта бағамы түсіп кетті
Түркия Орталық банкі елдің қаржылық тұрақтылығын қорғау бойынша шұғыл шараларды енгізуді жариялады
Американдық баждардың қымбаттауы аясында Түркияда түрік лирасының бағамы түсіп кетті.
Елдің қаржылық тұрақтылығын қорғау үшін Түркия басшылығы шұғыл шараларды қолға алған.
Атап айтқанда, Түркия орталық банкі өзінің меншікті резервтер есебінен қаржы ұйымдарының өтімділіктерін қолдауды қолға алған.
Сондай-ақ, банктерге түріктік лирамен операциялар үшін шетел валютасындағы банктік кепілдіктер лимитін асырған жағдайда бір ай мегілге валюталық несиелерді алуға рұқсат берілді. Сонымен қатар жекеленген жағдайларда екінші деңгейдегі банктердің валюталық резервтерінің лимитін асыруға рұқсат етілген.
Нарықты тұрақтандыруға Түркия Орталық банкі 10 миллиард түрік лирасы, 6 млрд доллар және алтын резервтен 3 млрд бөлуді жоспарлап отыр.