Ресей Әлем Чемпионатында 850 млрд сом қаражат табыс тапты
Ресей үкіметі Әлем Чемпионатын ұйымдастыруға жұмсаған қаржысын қайтара алды
- Ресей Әлем Чемпионатында 850 млрд рубль пайда тапты. Ұйымдастыру шараларына жұмсалған қаржыны толықтай қайтара алдық, - дейді Ресей туристік операторлар Қауымдастығының директоры Майя Ломидзе.
Әлем Чемпионатында алаңға барлығы 5,7 млн адам келген. Ал оның 50 пайызға жуығы шетелдіктер. Чемпионатқа АҚШ, Перу, Аргентина, Бразилия, Оңтүстік Корея, Жапония, Сауд Арабиясы, Иран, Польша, Хорватия, Германия, Франция мен Ұлыбританиядан азаматтар келді.