АҚШ пен Қытай сауда соғысының жаңа айналымы басталды
АҚШ Президенті Дональд Трамп қытай тауарына жалпы сомасы 200 млрд доллар болатындай 10 пайыздық салық енгізбек
Трапмтың сөзіне сүйенсек, бұл Қытайдың АҚШ-тың сомасы 50 млрд доллар тауарға тарифті көтеру туралы шешіміне жауап болмақ. Осыған орай, Дональд Трамп Қытайдағы АҚШ өкіліне хабарласып, тарифті көтеру керек Қытайдан келетін тауарларды анықтауға тапсырма берді.
- Егер Қытай өзінің тәжірибесінен бас тартпаса, заңгерлік үрдістер аяқталғаннан кейін тарифтер күшіне енеді. Сонымен қатар, оның жақында мәлімдеген жаңа тарифтеріне де қатысты, - деді Трамп.
Бұл Қытай мен АҚШ-тың арасындағы сауда соғысының ушығуына соқтыруы мүмкін.