Ресейдің әскери шығындары азаюда
Стокгольм халықаралық институты зерттеу жүргізіп, соңғы жиырма жылдың ішінде Ресейдің әскери бюджеті бірінші рет қысқарып отырғанын анықтады
2016 жылмен салыстырғанда Ресейдің әскери салаға бөлген қазына қаржысы 20%-ға қысқарған. Жан-жақтан қаптаған санкция Ресейді экономикалық дағдарысқа ұшыратқаны белгілі. Соның әсерінен әскер шығындар да азайған.
Мамандар әскери салаға көп қаржы бөлетін бірден-бір мемлекет – бұл АҚШ деп көрсетіп отыр. АҚШ жылына бұған 610 млрд доллар ақша бөледі. Екінші орында Қытай орналасқан, ол 228 млрд доллар қаржы бөлсе, үшінші орындағы Сауд Арабиясы 69,4 млрд доллар бөледі.
Ресей бұл тізімде төртінші орынға жайғасқан. Жылына 66,3 млрд доллар жұмсайды.