General Motors әскери техника шығарады
Автоконцерн әскери техникалар шығару үшін GM Defense сауда маркасын тіркеді
Автоөндіруші компания Silent Utility Rover атты ауыр шасси көлігін шығарғалы отыр. Бұл коммерциялық мақсатта да сатуға, әскери техника ретінде қолдануға келеді.
Бұл жайлы әзірше ресми ақпарат жоқ. Алайда сауда маркасы ресми түрде тіркелген соң, ақпарат тарауы мүмкін.
Компания әскери техника шығару туралы ойды былтыр да айтқан. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, компания АҚШ әскері үшін сутегімен жүретін әскери техникалар шығармақ.