Францияда ұшқыштар ереуілге шықты
Ереуілге шыққан ұшқыштардың кесірінен жұма күнгі рейстердің бірнешеуі кері шегерілді
Париж-Шарль де Голль, Париж-Орли, Ниццы, Тулузы, Бордо мен Марселя сынды ірі әуежайдың ұшақ рейстері тоқтатылуы мүмкін. Мәселен Париж-Шарль де Голль атындағы халықаралық әуежай қазірдің өзінде ереуіл болатындығы жайында хабар таратып, жолаушыларды құлақтандырды. Ал жолаушылар әуежайға хабарласу арқылы, рейсінің жүретін не жүрмейтіндігін біле алады.
Air France әуе компаниясының қызметкерлері еңбекақыны 6 пайызға дейін көтеруді талап етіп ереуілге шықпақ. Ал әуе компаниясы әкімшілігі мұның мүмкін еместігін алға тартып отыр. Өйткені компанияның қаржылық жағдайы қиын.