Австрияда 10 мыңнан астам адам криптовалюталы пирамиданың құрбаны болды
Оқиға Еуропадағы криптовалютамен орын алған ең үлкен алаяқтық болып отыр. Кейбір деректер бойынша, салымшылар 80 миллион еуродан айырылды
2017 жылдық қараша айында Optioment криптовалюта жүйесі құлдырағанда 10 мыңнан аса австриялықтар 12 мың биткоиннен айрылды, деп жазады австриялық Die Presse газеті.
Қаңтар айының соңында австриялық FMA қаржы саласын бақылау қызметі Optioment жүйесінің өкілдерін прокуратураға шақырған. Билік өкілдері оларды қаржы пирамидасын ұйымдастырып, алаяқтық істеді деген күдік тақты.
Optioment көпдеңгейлі маркетинг жүйесі ретінде қызмет етіп келген. Көптеген инвесторлар сатылымға араласқандарын айтып отыр. Ұйымдастырушылар қатысушыларға апта сайын инвестицияның 4 пайызын алатындарын, жаңа салымшылар үшін қосымша төлем беретіндерін айтқан.
Бағдарламаға қатысушылардың бірі Optioment жүйесіне 200 адамды тартқаны үшін өкінетінін айтты.
Optioment жүйесі австриялық Штирия жерінен шыққан ағайындылар мен Төменгі Австриядан шыққан ер адаммен құрылған. Инвесторлармен кездесу барысында олар өздерін «Optioment-тің үш мушкетеріміз» деп таныстырған. Ойдан шығарылған гитарамен ойнап, медитация сеанстарын ұйымдастырған. Мұның барлығы "салымның қорғалу деңгейін" көрсету үшін істелген.
Ұйымдастырушылар уәделі кірістің өсімін криптовалютаның робот-операторы қамтамасыз етеді деп сендірген. Түсірілген бейнелердің бірінде олар түсінік беруге тырысады.
Австрия билігі алаяқтық жүйесін құрған күдіктілерді іздестіру үшін Интерполға хабарласқан.
Следующая →

- Бүкіл жанұямды алып келіп, 50 биткоин салдық. Ақшаның жоғалып кеткеніне сенімдімін, - дейді алданып қалған салымшылардың бірі.
Бағдарламаға қатысушылардың бірі Optioment жүйесіне 200 адамды тартқаны үшін өкінетінін айтты.
Optioment жүйесі австриялық Штирия жерінен шыққан ағайындылар мен Төменгі Австриядан шыққан ер адаммен құрылған. Инвесторлармен кездесу барысында олар өздерін «Optioment-тің үш мушкетеріміз» деп таныстырған. Ойдан шығарылған гитарамен ойнап, медитация сеанстарын ұйымдастырған. Мұның барлығы "салымның қорғалу деңгейін" көрсету үшін істелген.
Ұйымдастырушылар уәделі кірістің өсімін криптовалютаның робот-операторы қамтамасыз етеді деп сендірген. Түсірілген бейнелердің бірінде олар түсінік беруге тырысады.
- Сіздің биткоиндерініңіз жоғалған жоқ. Олар сіздің әмианыңызда сылдырламас үшін жұмыс істеуде. Егер барлығымыз жұмыс істесек, біздің биткоиндер бізге жұмыс істейді, - дейді ұйымдастырушылар.