Цукерберг Facebook акцияларын сата бастады
Facebook әлеуметтік желісінің авторы Марк Цукерберг жарты жылдың ішінде құны 75 млн долларды құрайтын акция сатуды жоспарлап отыр
Бұл жайында ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
- Біз Фейсбук акцияларын сатуды ойлап отырмыз. Акция құны, шамамен, 35-75 млн долларды құрайды. Бұл қаражат білім беру, ғылым және юриспруденция саласындағы бастамаларымызды қаржыландыру үшін қажет, - деп жазды Марк Цукерберг.
Ал 2015 жылы Марк Цукерберг 45 млрд доллар шамасындағы қаржыны қайырымдылық қорына аударатындығын айтқан болатын. Алайда дәл уақытын хабарлаған жоқ.