Пентагон АҚШ-тың барлау қызметінің бюджетін жария етті
АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі 2016 жылдағы өздерінің әскери барлау қызметінің бюджеті жайлы жариялады
Мекеменің ақпаратына сүйенсек, қаржы жылы 30 қыркүйекте аяқталды. АҚШ-тың әскери барлау қызметінің бюджеті 17,7 миллиард долларды құрады.
Пентаган мұндай ақпаратты жария етуін мекеме мамандары ұсынды. Өйткені олардың пікірінше, бұл қаражат мөлшерін айту әскери барлау қызметіне қауіп төндірмейді.
Алайда өзге бағыттардағы қаржы әрекеттері мен сомалары жарияланбайтын болады. Себебі олардың барлығы құпия ақпарат болып табылады.