Өскемен
пасмурно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +27°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +31°
  • Актау
    +31°
  • Орал
    +30°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +28°
  • Қызылорда
    +32°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +23°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +29°
  • Шымкент
    +31°
$
475.39
+2.82
513.37
+5.03
¥
65.39
+0.42
5.4
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Иран Президенті ұшақ апатынан көз жұмды

Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президенті Ибрахим Раисидің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Новости мира / Иран Президенті ұшақ апатынан көз жұмды
Фото:
akorda.kz

Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раиси мен үкіметтік делегация мүшелері мінген тікұшақ Шығыс Әзербайжан провинциясында апатқа ұшырап, салдарынан борттағылар түгелдей қайтыс болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан осы елдің Жоғары лидері Әли Хаменеи мен Бірінші Вице-Президенті Мохаммад Мохберге және барша иран халқына көңіл айтты.

Тікұшақ апаты салдарынан Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раиси мен оның сенімді серіктерінің қайтыс болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Ибрахим Раиси – Иран мемлекеті мен халқының әл-ауқатын арттыруға, мүддесінің мұқалмауына, аймақтағы тұрақтылықты сақтауға өз өмірін риясыз арнаған көрнекті мемлекет қайраткері. Оның қолға алған бастамалары мен жетістіктері халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағаланғаны баршаға мәлім. Қазақстандықтар Ибрахим Раисиді парасатты басшы, халықаралық деңгейдегі беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген тұлға ретінде әрдайым есінде сақтайды. Марқұмдардың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын, – деп жазылған жеделхатта.

Следующая →