Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан мен Малайзия арасындағы тікелей рейстер саны артады

2024 жылдың наурызынан бастап аптасына төрт рейс ұшатын болады

Новости мира / Қазақстан мен Малайзия арасындағы тікелей рейстер саны артады
Фото:
ҚР Туризм және спорт министрлігінен

ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев Air Asia Х әуе компаниясының бас директоры Беньямин бин Исмаил және компания өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Тараптар Қазақстанның туристік әлеуетін дамыту перспективаларын, жолаушылар ағынын арттыру жоспарларын және туризмді дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды талқылады.

Тікелей рейстер саяхатшылар үшін қолайлы жағдай жасап қана қоймай, елімізді шетелдік туристерге қолжетімді етеді. Сонымен қатар туристер санының артуына, келу туризмінің географиясын кеңейтуге және туристік бизнеске жаңа мүмкіндік жасайды, - деді Ержан Еркінбаев.

Оның айтуынша, тікелей рейстердің ашылуы - әзірге тек бірінші кезең.

Әуе рейстері екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамытуда шешуші рөл атқарады. Олар іскерлік келіссөздерді жеңілдетіп, сауда мен инвестицияны ынталандырады. Куала-Лумпур мен Алматы арасында ашылатын рейстер аясында бизнес-туризм ағынының артуы күтілуде, бұл тәжірибе мен білім алмасуға ықпал етіп, инвестициялау мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Өз кезегінде Air Asia өкілдері Куала-Лумпур мен Алматы арасында 2024 жылдың наурызынан бастап аптасына төрт рейс (сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі) жиілігімен тікелей тұрақты жолаушылар рейсін іске қосуға ниетті екенін жеткізді.

Әуе компаниясы өкілдерінің айтуынша, бұл қадам екі ел арасындағы туристік, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашпақ.

Следующая →