Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстанның үш хоккей құрамасы әлем чемпионатының элиталы дивизионында ойнайды

Бұл Қазақстан тарихында бірінші рет орын алатын оқиға

Новости мира / Қазақстанның үш хоккей құрамасы әлем чемпионатының элиталы дивизионында ойнайды
Фото:
ҚР Туризм және спорт министрлігінен

Мажарстан астанасы Будапештте ұйымдастырылған шайбалы хоккейден жастар арасындағы IA дивизионының әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Устинка LIVE ҚР Туризм және спорт министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Жаһандық додада бақ сынаған Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын біріншіліктің бас жүлдесін жеңіп алды.

Жерлестеріміз бастапқы төрт ойында Мажарстан, Франция, Дания және Жапония құрамаларын тізе бүктірсе, соңғы матчта Аустрия жастарына булиттер сериясында есе жіберді. Жарыс қорытындысында Сергей Старыгин шәкірттері 13 ұпаймен топ жарды. Франция құрамасы – екінші, даниялықтар үшінші орынға ие болды. Ұлттық құрама қақпашысы Владимир Никитин турнирдің үздік қақпашысы атанды.

Жастар құрамасының осы жеңісінен кейін Қазақстан тарихи жетістікке қол жеткізді. Яғни, 2024 жылы өтетін әлем чемпионатының топ-дивизионында бірден үш құрама – жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы ұлттық құрама өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.

Биыл біздің шайбалы хоккейден әр жастағы ұлттық құрамаларымыз тамаша нәтижеге қол жеткізіп, тарихта алғаш рет әлем чемпионатының элиталы дивизионында ойнайтын болды. Осы нәтижелерден-ақ елімізде шайбалы хоккейдің қарқынды дамып келе жатқанын байқауға болады. Жігіттер халықаралық аренада еліміздің намысын абыроймен қорғап, Қазақстанның хоккей елі екенін дәлелдеді. Жерлестерімізді жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймын! - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Следующая →