Франция Президенті Қазақстанға ресми сапармен келді
Эмманюэль Макронды елорда әуежайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды
Фото:
t.me/KZgovernment
Қысқаша әңгіме барысында Үкімет басшысы Эмманюэль Макронның бұл сапары Астана мен Париж арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді, деп хабарлады ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
Екі елдің көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша келіссөздер жүргізіп, халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.