Газа аймағында қаза тапқандар арасында қазақстандықтар бар ма?
Сыртқы істер министрлігі Израильде отандастарымыз қаза болды деген ақпаратқа ресми түсінік берді
Министрлік өкілі қаза болғандар арасында қазақстандықтардың жоқтығын айтты, деп хабарлайды Kazinform.
Израильде қазақстандықтардың қаза болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Айта кетейік, бұған дейін Газа ауруханасына соққыдан қаза тапқандар 800-ге жеткені туралы хабарлаған едік.
Сондай-ақ Израильдің Газа секторындағы ауруханаға жасаған соққысынан 500-ден астам адам қаза тапқаны белгілі болды.