Газа аймағында қаза тапқандар арасында қазақстандықтар бар ма?

Сыртқы істер министрлігі Израильде отандастарымыз қаза болды деген ақпаратқа ресми түсінік берді

Новости мира / Газа аймағында қаза тапқандар арасында қазақстандықтар бар ма?
Фото:
ҚР СІМ

Министрлік өкілі қаза болғандар арасында қазақстандықтардың жоқтығын айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Израильде қазақстандықтардың қаза болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Айта кетейік, бұған дейін Газа ауруханасына соққыдан қаза тапқандар 800-ге жеткені туралы хабарлаған едік.

Сондай-ақ Израильдің Газа секторындағы ауруханаға жасаған соққысынан 500-ден астам адам қаза тапқаны белгілі болды.

Следующая →