Коронавирусқа қарсы вакцина жасағандар Нобель сыйлығын алды
2023 жылғы Нобель сыйлығына Каталин Карико (Мажарстан) мен Дрю Вайсман (АҚШ) лайық деп танылды
Медицина мен физиология саласында 2023 жылғы Нобель сыйлығына РНҚ негізінде жаңа вакцина ойлап табуға мүмкіндік берген жаңалығы үшін Каталин Карико (Мажарстан) мен Дрю Вайсман (АҚШ) лайық деп танылды. ҚазАқпарат бұл туралы ВВС жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды.
Коронавирус пандемиясы басталғалы РНҚ вакциналары миллиондаған адамның өмірін аман сақтап қалуға көмектесті.
Әлем қорқынышты Covid-19 эпидемиясын бастан өткеріп, басқа да эпидемиялар қаупі төніп тұрған кезде олардың жұмысының құндылығына баға жетпейтінін мойындадық, - деп түсіндірді шешімін Нобель сыйлығы комитеті.
Былтыр бұл марапатты қырылып біткен адамдардың геномы мен адам эволюциясын зерттегені үшін швед генетигі Сванте Паабо иеленген болатын.
1901 жылдан бері физиология мен медицина бойынша 112 Нобель сыйлығы табысталып, 224 адам лауреат атанды.
Нобель сыйлығы қорының жарғысы бойынша, марапатқа лайық деп танылған жұмыстың екі немесе үш авторы болса - сыйлық екеуіне ортақ тағайындалады.
2022 жылға арналған Нобель сыйлығы қоры - 10 млн швед кроны (шамамен 900 мың доллар).