Қазақстанның шахматшы қыздары Мысыр мен Үндістан командаларын ұтты
Польшаның Быдгощ қаласында жылдам шахматтан (рапид) әйелдер арасында командалық әлем чемпионаты басталды
Турнирге қатысып жатқан 12 команда арасында Қазақстанның қыздар командасы да бар. Командалар екі топқа бөлінген, деп хабарлайды Устинка LIVE Қазақстан шахмат федерациясы ақпаратына сүйеніп.
Қыздарымыз Грузия, Украина, Үндістан, Франция және Мысырмен ойнайды. Алдын ала турнирлер қорытындысы бойынша, әр топтан плей-офф кезеңіне шығатын 4 үздік команда анықталады, - делінген ақпаратта.
Бірінші кездесуде қазақстандық шахматшылар Мысыр құрамасын 3:1 есебімен жеңді (Бибісара Асаубаева мен Меруерт Камалиденова жеңіске жетті, ал Ксения Балабаева мен Алуа Нұрманова ойындарын тең аяқтады).
Екінші айналымда біздің құрама Үндістан командасын ұтты. Жеңіс ұпайын Әмина Қайырбекова әкелді.
Енді Франция мен Украина командаларымен өтетін келесі екі матч өте маңызды болмақ.