Дағыстанда 15 тамыз қаралы күн деп жарияланды
Кеше Махачкала қаласындағы жанармай құю бекетіндегі жарылыс болып, 27 адам қаза тапты
Тағы 102 адам зардап шегіп, медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлайды zakon.kz.
Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі өрт аумағы 500 шаршы метр болғанын хабарлады, 600 шаршы метр аумақта сөндірілді. Республика үкіметіне қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасына көмек көрсету бойынша қажет шаралар қабылдау тапсырылды.
Осы оқыс оқиғаға байланысты ҚР Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстан Республикасының Махачкала қаласындағы жанар-жағармай стансасында болған жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айтты.
Орны толмас қайғыға ортақтасып, қаза тапқан адамдардың туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өз атымнан көңіл айтамын. Сонымен қатар зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.