Өскемендік семсерлесуші әлем чемпионатында алғаш рет Қазақстанға жүлде алып берді
Шығысқазақстандық Руслан Курбанов Миланда өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды
Ол әлемдік біріншілік медалін жеңіп алған алғашқы қазақстандық екенін айта кеткен жөн, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Руслан Курбанов Ұлттық құраманың үздігі іріктеу кезеңдерінде Франция, Дания және Австрия спортшыларын айқын басымдықпен ұтты. Ал ширек финалда италиялық Валерио Куомоны жеңіп, жерлесеріміз арасынан алғаш боп финалдық кезеңге өтті. Бірақ жартылай финалда венгриялық Мате Кохқа есе жіберді. Қорытынды есеп: 15-12. Осылайша Руслан Курбанов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Бұл - семсерлесу спортынан ел тарихындағы алғашқы дүниежүзілік дода медалі. Сонымен қатара, Италиядағы байрақты бәсекеде рейтингтік ұпайлар да таратылады. Бұл көрсеткіш Париж олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынғанда шешішу рөлді атқарады.