"Титаникті" көруге сүңгіген батискафтың барлық экипажы мерт болған
Болжам бойынша "Титан" батискафы жарылған, бірақ оған не себеп болғаны белгісіз
Бортта болған бес адамның табылу-табылмауы екіталай, деп хабарлады ҚазАқпарат BBC News агенттігіне сілтеме жасап.
Атлант мұхитына батып кеткен "Титаникті" көруге аттанған "Титан" батискафының сынықтары 18 маусымда табылған.
АҚШ-тың Жағалау күзетінің хабарлауынша, канадалық Horizon Arctic кемесінен мұхитқа түсірілген Odysseus суасты аппараты батискафтың артқы бөлігін, сонымен қатар 3 800 метр тереңдікте жатқан "Титаник" кемесінің алдыңғы жағынан шамамен 500 метр жерден басқа да бөліктерін тапқан.
Қирандылар апатты жағдай болғанын көрсетеді. Бірақ оған не себеп болғаны белгісіз. Сонымен қатар, қаза тапқандардың мүрдесі табылу-табылмауы да неғайбыл.
Следующая →